
Жүргізуші: Өркен Жоямергенұлы
Қазақстанда ауылшаруашылығына қатысты тұңғыш бағдарлама ГАЛА ТВ продюсерлік орталығы арқылы жарыққа шықты. 11 жылдан бері «Хабар-жер» көрермендерге еліміздің ауыл шаруашылығында болып жатқан өзгерістер туралы ақпарат таратып келеді. Тақырыпты жоспарлап, телевизиялық сюжеттерді дайындау және жасау кезінде «Хабар-жер»-дің шығармашылық тобы жаңа PR-технологияларды пайдаланады. Бұл әдістерді журналистер «паблик-рилейшнз» бойынша шетелдік мамандардың қатысуымен өткен арнайы тренингтарда игерді. Бұл біршама салмақты артықшылықтар болып табылады, себебі бұл жағдайда деректер көрермендерге құрғақ ұсынылмай, материал жағымды сипатқа ие болады.
2003 жылы «Хабар – жер» ұжымын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық сектор мәселелерін шығармашылық жолмен көрсете білгендері үшін арнайы дипломмен марапаттады. Сондай-ақ 2003 жылы қазақстандық публицист Жарасқан Әбдірашов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Ал, 2006 жылы «Хабар-жер» агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан үлесі үшін және ауыл шаруашылығы тақырыбын объективті түрде ашып көрсеткені үшін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің дипломына ие болды.
|
2006 жылы бағдарлама ұжымы ҚР Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды. 2007 жылы «Хабар-жер» редакциясы 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Және осы мерейтой құрметіне орай түсіру |
–Біздің серіктестер (ақылы сюжеттер алаңы)
– Науқан (еліміздің әр қиырындағы науқандық жұмыстардан ақпарат)
– Ғылым және Ауыл шаруашылығы (озық агротехнология және ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жаңалықтар)
– Аймақ (еліміз аймағындағы фермерлер тәжірибесі)
– Альбом (мерекелік сюжеттер, ауыл бейнесі, сұлу табиғат т.т.с.)
– Анонс – (Келесі бағдарламаға шағын сілтеме)
Көрсететін канал: «Хабар»
Эфир: сенбі сайын 10.00
Қайталау: дүйсенбі 12.40 «Ел Арна» телеканалы
Бағдарлама ұзақтығы: 30 минут
Тілі: қазақша

